Сенбі, 5 ақпанға арналған ауа райы болжамы

5 Ақпан 2022, 09:13
1442
Бөлісу:
Сенбі, 5 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 ақпан күні ҚР территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің тек батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, екпінді жел болжанады.

Атап айтқанда Түркістан облысының солтүстігінде, тау және таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел болады, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Тау және таулы аудандарында желдің күші 17-22 м/с құрайды. Алакөл ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының батысында және орталығында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман, күндіз батысында 17-22 м/с жел күтіледі. 

Күндіз Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болжанады. Көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысында жаяу бұрқасын болады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с артады, епкіні 25 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысында тұман болады. Күндіз өңірдің орталығында, оңтүстік-шығысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі, облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с артады.

Өзгелердің жаңалығы