Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 шілдеде ел аумағының басым бөлігінен фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің болжауынша 25 шілде күні республиканың кей жерінде жауын жауады. Солтүстікте және шығыста жел күшейеді. Республиканың бірқатар аумағында осы күні найзағай ойнап, жел күшейіп, оңтүстікте оның соңы шаңды дауылға ұласады. Еліміздің кей аумақтарында бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік-батыста түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында желдің екпіні секундына 23-25 метрге жетеді. Қарағанды облысында 23-28 метр болса, Қостанай облысында түнде және таң ата тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз желдің екпіні секундына 25 метрге жетіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында таң ата және күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, соңы шаңды дауылға ұласуы ықтимал.
Алматы облысының кей жерінде түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысында түнде және таң ата бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау облыстары мен Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Атырау, Қызылорда облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.