Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсуі ықтимал.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, дауыл соғуы мүмкін, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.