Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
18 сәуірде еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысы Атлант мұхитынан келетін циклон әсерінде болады, соған байланысты кей аймқта жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, батыста найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе облысында таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.