Сенаттың жаңарған құрамы – саяси жүйені қайта жаңғырту қадамы – сарапшы

14 Қаңтар 2023, 17:09
1456
Бөлісу:
Сенаттың жаңарған құрамы – саяси жүйені қайта жаңғырту қадамы – сарапшы
Фото: BAQ.KZ

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров Сенат сайлауын 2022 жылы басталған саяси үдерістің маңызды бөлігі деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Парламенттің жоғарғы палатасының жаңарған құрамының қалыптасуы саяси жүйені қайта жаңғырту жолындағы тағы бір қадам болды. Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарын сайлайды. Бұл халық өкілдерін біртұтас заң шығарушы билік жүйесіне байланыстыратын маңызды тетік, - деді ол.

Сарапшының айтуынша, Сенат сайлауы жергiлiктi және республикалық деңгейдегi өкiлдi органдар арасындағы байланысты көрсетеді.  

Әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан 2 сенатор сайланады. Бұл Парламенттің жоғарғы палатасында аймақтардың тең өкілдігін алуға мүмкіндік береді. Осылайша, Сенат біртұтас мемлекеттегі аймақтардың теңдігін және әрбір аймақтың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысуын білдіреді, - деді ол. 

Сонымен қатар, Ермек Тоқтаров конституциялық реформа мен референдумнан кейін Сенаттың өкілді рөлі күшейтілгенін еске салды. 

Енді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілетті мүшелері сенатор мәртебесін алып, Сенаттағы президенттік квотаның бір бөлігі болды, ол өз кезегінде 10 адамға дейін қысқарды, - деді. 

Өзгелердің жаңалығы