Сенаттың жаңа депутаты ант берді

28 Желтоқсан 2023, 10:40
415
Бөлісу:
Сенаттың жаңа депутаты ант берді
Фото: BAQ.KZ - архив

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңізге белгілі, 20 желтоқсанда Қостанай облысында өткен сайлауда Парламент Сенатының депутаты болып Бибігүл Аққожина сайланды,- деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Әшімбаев жаңадан сайланған әріптесін құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан сайланған депутат палата отырысында ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп ант берді Аққожина.

Сондай-ақ ол Парламент Сенатының тұрақты комитетінің құрамына кірді.

Өзгелердің жаңалығы