Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді

5 Қыркүйек 2022, 18:34
1339
Бөлісу:
Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда палатаның 2022 жылғы 8 қыркүйекке жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралады.

Заң жобасы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасының негізгі міндеттерінің қатарына агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі цифрландыру, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, биоэтанолды қолдану аясын кеңейту және т.б.енеді.

Отырыс барысында Бюро мүшелері Мәжілістен түскен заң жобаларын да Сенаттың тұрақты комиссиялары арасында таратып берді.     

Өзгелердің жаңалығы