Сенаттан қай депутаттар кетуі мүмкін?

12 Қаңтар 2023, 12:44
1455
Бөлісу:
Сенаттан қай депутаттар кетуі мүмкін?

Елімізде 14 қаңтарда Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда қызметінен кетуі мүмкін сенаторлардың тізімін жасаған болатынбыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенаттан төмендегі депутаттар кетуі мүмкін:

1. Ақмола облысынан Дәурен Әділбеков;

2. Ақтөбе облысынан Мұхтар Жұмағазиев;

3. Алматы облысынан Нұрлан Қылышбаев;

4. Атырау облысынан Ғұмар Дүйсембаев;

5. Шығыс Қазақстан облысынан Дүйсенғазы Мусин;

6. Жамбыл облысынан Әбдәлі Нұрәлиев

7. Батыс Қазақстан облысынан Нариман Төреғалиев (қызметінен кеткен, орны бос) 

8. Қарағанды облысынан Рысқали Әбдікеров

9. Қостанай облысынан Жеңіс Нұрғалиев 

10. Қызылорда облысынан Мұрат Бақтиярұлы 

11. Маңғыстау облысынан Бақтыбай Шелпеков

12. Павлодар облысынан Нұржан Нұрсипатов

13. Солтүстік Қазақстан облысынан Ерік Сұлтанов

14. Түркістан облысынан Әлімжан Құртаев

15. Шымкент қаласынан Айгүл Қапарова 

16. Астана қаласынан Еділ Мамытбеков

17. Алматы қаласынан Динар Нөкетаева

18. Абай облысынан Бақытжан Байахметов

19. Жетісу облысынан Амангелді Төлемісов

20. Ұлытау облысынан Советбек Медебаев

Айта кетерлігі, алдағы сайлау нәтижесінде Сенатқа 20 депутат сайланады. Қазіргі таңда тіркелген 64 кандитаттың төртеуі ғана қазіргі сенаторлар екені белгілі болды. Олар – былтыр құрылған жаңа облыстардың өкілдері. 

Еске сала кетейік, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев БАҚ өкілдерінен жаңадан сайланатын депутаттарға «тиіспеулерін» өтінген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы