Сенаттан бір депутат кетті

23 Маусым 2022, 10:12
1443
Бөлісу:
Сенаттан бір депутат кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Спикер Мәулен Әшімбаев айттты. 

Әріптесіміз Бейбіт Исабаев Президенттің Жарлығымен Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды. Қызметін бастап та кетті. Конституциялық нормаларға сәйкес, Бейбіт Өксікбайұлының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен тоқтатылды. Бейбіт Өксікбайұлы - белгілі мемлекет қайраткері, тәжірибесі мол саясаткер. Бірнеше жыл Президенттің Парламенттегі өкілеттігін басқарып, депутаттармен тығыз жұмыс істеді. Жыл басында Сенат депутаты болып тағайындалды. Палата шешімімен Әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды, - деді Әшімбаев. 

Ол атағандай, комитет төрағасы ретінде де мардымды қызмет атқарған. 

Бейбіт Исабаевқа палатаның атынан ризашылығымызды білдіреміз, - деді ол. 

Әшімбаев Сенат бюросының қаулысымен Бейбіт Өкісікбайұлы Сенаттың құрмет грамотасымен марапаттады.

Аз уақыт ішіндегі азды-көпті еңбегімді бағалап, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға терең ризашылығымды білдіремін. Осыған дейін жарты жыл уақыт бірлесе жұмыс істедік. Маған сенім білдіріп, мені комитет төрағасы ретінде тағайындадыңыздар. Бір күн кәсіпкерлік қызметте істемедім. Университет бітіргелі мемлекеттік қызметті келе жатырмын. Парламентте аз уақыт еңбек етсем, де өзімді бақытты санаймын. Осы күндерді ілтипатпен еске аламын, - деді Бейбіт Исабаев.  

Өзгелердің жаңалығы