Сенатта қазақстандықтардың өзекті қаржылық мәселелерін шешуге арналған заң мақұлданды

23 Ақпан 2023, 17:40
1057
Бөлісу:
Сенатта қазақстандықтардың өзекті қаржылық мәселелерін шешуге арналған заң мақұлданды
Фото: gov.kz

Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында сенаторлар салық саласына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  Салық кодексіне енгізілген түзетулер қазақстандықтардың өзекті қаржылық мәселелерін шешуге арналған. 

Заң жобасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің және банкроттығының заманауи институтын құруды мақсат тұтқан. 

Негізгі банкроттық бөлігінде ұсынылып отырған нормалар жеке тұлғалардың-азаматтардың соттан тыс арқылы банкроттығын жүргізу нәтижелері бойынша салық міндеттемелерін есептен шығару қажеттілігіне байланысты бюджеттің кірісін қысқартуды көздейді. Атап айтқанда бұл нормалар азаматтардың әл-ауқатын реттеуге және тұрақтандыруға оң әсерін тигізеді, сондай-ақ құқықтық реформалардың тиімділігін арттырады, - деп атап өтті сенатор Бекболат Орынбеков.

Жалпы айтқанда, заң жобасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен қойылған мақсаттарды толығымен жүзеге асыруды реттейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Өзгелердің жаңалығы