Сенатта «Парасат» байқауына қатысу үшін өтініш қабылдау жалғасып жатыр

6 Маусым 2022, 17:16
1399
Бөлісу:
Сенатта «Парасат» байқауына қатысу үшін өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты журналистерден «Парасат» конкурсына қатысуға арналған өтініштерді 10 маусымға дейін қабылдайды.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да VII шақырылған Парламенттің ІI сессиясы ашылған күннен бастап 20 мамырға дейін БАҚ-та және әлеуметтік желіде Сенат қызметін жария ету жөніндегі жарияланған материалдары Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды. Ол бөлімге  сілтемесі бойынша да кіре аласыз, - делінген хабарламада.

Конкурс қорытындысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Өзгелердің жаңалығы