Сенатта мұнай саласындағы халықаралық ынтымақтастық талқыланды

28 Қараша 2023, 20:03
561
Бөлісу:
Сенатта мұнай саласындағы халықаралық ынтымақтастық талқыланды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаторлар мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Заңның мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге енгізілген өзгерістерді заңды түрде ресімдеу. 

Хаттамада Келісімнің 3-бабына Ресейден Қазақстанға әкетілетін мұнай мен мұнай өнімдерін уақытша мерзімді кедендік декларациялаудың күшін жою туралы өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Мұнай мен мұнай өнімдерін керек-жарақ ретінде әкету үшін, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін 2022-2024 жылдары құбырмен жеткізуге ерекше жағдайлар белгіленеді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы