Сенатта кедендік саясат пен әкімшілендіру мәселелері талқыланды

17 Қыркүйек 2024, 17:25
574
Бөлісу:
Сенатта кедендік саясат пен әкімшілендіру мәселелері талқыланды
Фото: сенат

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдардың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу өткізіп, кеден саясаты мен әкімшілендірудің түйткілді мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге қатысушылар шикізат экспортына кедендік баж салығын енгізу, тау-кен металлургия секторына әкелінетін өнімдерге баж салығын төмендету, тауарларды әкелу мен әкету кезінде құжаттарды ресімдеу мәселелерін қарады. Депутаттар сонымен қатар еліміздегі лицензиялау жүйесінің сақталуын қадағалау және су көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік декларациялау мерзімін ұлғайтудағы проблемаларға назар аударды.

Сенаторлардың пікірінше, Қазақстанның кеден жүйесін дамытуда және мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимылын жақсартуда бұл мәселелердің ерекше мәні бар. Отырыс қорытындысы бойынша талқыланған мәселелердің әрқайсысы туралы нақты шаралар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы