Сенатта елдегі туризмді дамытатын заң жобасы қаралды

8 Сәуір 2021, 10:37
2240
Бөлісу:
Сенатта елдегі туризмді дамытатын заң жобасы қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Заң жобасы Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 1 қыркүйекте алтыншы шақырылған Парламенттің төртінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген және елдің стратегиялық құжаттарына сәйкес туристік саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталған, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Министр заң жобасының негізгі жаңалықтарына тоқталды.

Біріншіден, басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізу. 

Басым туристік аумақ - туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ. Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады, - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған.

Екіншіден, «Шетелдік туристен туристік алым» жүйесін енгізу.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерден туристік алым енгізу және операторларды анықтау жоспарлануда. Туристік алым мөлшерлемесінің өзін Мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді. Туристік жарна жергілікті бюджеттің салықтық емес түсімі түрінде болады, - деп атап өтті Райымқұлова.

Норма 2022 жылдан бастап күшіне енеді.

Үшіншіден, туризм саласындағы реттеу саясатын жетілдіру және оны кәсіпкерлік кодексіне сәйкестендіру.
Бұл туроператорлық қызметке лицензияны кіші түрлерге бөлу, кіру туризмі саласында, ішкі және ішкі туризм саласында, сондай-ақ профилактикалық бақылауды келмей-ақ реттеу сияқты нормалар. Заң жобасында профилактикалық бақылауды реттеу Кәсіпкерлік кодекске сәйкес келтіру үшін жүргізілді.

Төртіншіден, туризм саласын мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізуге байланысты уәкілетті және басқа мемлекеттік органдарға бірнеше қосымша құзырет беріледі, - деді МСМ басшысы.

- туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін салуға кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
- туристік мақсаттарға арналған көлік құралдары мен тау шаңғысы курорттарын дамытуға арналған жабдықтар алуға шығындардың бір бөлігін өтеу;
- туристік пакет шеңберінде әрбір келген шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау;
- санитарлық-гигиеналық қондырғыларды күтуге арналған кәсіпкерлер шығындығындарын субсидиялау;
- туристік пакет шеңберінде ата-анасымен бірге дем алатын 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ұшу билеті үшін тасымалдау төлемін өтеу;

Біздің есептеулеріміз бойынша, бұл шараларды жүзеге асыру экономикаға бюджеттің қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңгені тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1 000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

Осы нормалардың барлығы саланың дамуына оң әсерін тигізіп, инвестицияларды арттырудың тиімді механизміне айналып, саланың Жалпы ішкі өнімдегі үлесін 8 пайызға дейін жеткізу бойынша негізгі мақсатқа жетуге әкеледі, - деп қорытындылады ол.

Өзгелердің жаңалығы