Сенатта ғылыми саланы коммерцияландыру мәселелері талқыланды

2 Ақпан 2021, 21:07
1016
Бөлісу:
Сенатта ғылыми саланы коммерцияландыру мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаттары салалық комитеттің кеңейтілген отырысында ғылым мәселелері бойынша заң жобасына түзетулерді талқылады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы ғылыми, ғылыми-техникалық саланы жетілдіру және оның нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында әзірленген болатын. Онда атап айтқанда, қолданбалы ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыру ұсынылып отыр.

Өзгерістер еңбек қатынастарына да әсер етеді. Еңбек кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. Оған сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен оқытушысына азаматтық қызметке кіру және бос қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі қолданылмайтын болады.

Осы заң жобасын қабылдау нәтижесінде ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін арттыру және ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделіп отыр.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті заң жобасын Палатаның қарауына жіберді.


Өзгелердің жаңалығы