Сенатта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін жетілдіру талқыланды

8 Ақпан 2023, 14:08
951
Бөлісу:
Сенатта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін жетілдіру  талқыланды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге БЖЗҚ-ның инвестициялық стратегиясының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов өз сөзінде БЖЗҚ-ның тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі азаматтарға берілген мүмкіндікті одан әрі дамыту болып табылатынын атап өтті.

Бұл жұмыс басталды, инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін басқаруды регламенттейтін ережелері бар Әлеуметтік кодекстің жобасы әзірленді, басқа да құқықтық нормативтік актілерде сәйкес новеллалар әзірленеді, - деді депутат.

Шара барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2022 жылы БЖЗҚ зейнетақы активі 1,6 трлн теңгеге немесе 12%-ға өскені, сөйтіп 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14,6 трлн теңгені құрағаны туралы депутаттарды хабардар етті. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының БЖЗҚ салымшыларының құқықтарын кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындаудағы Ұлттық Банктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы сенаторларға айтып берді.

Кездесуде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мен БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов та баяндама жасады.

Өзгелердің жаңалығы