Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутаттар Сенаттың жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңның жобасын қабылдады.
Қаралып отырған хаттама «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен қәсіпорны» акционерлық қоғамын бюджеттік кредиттен босату және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін жүктеу кепілдіктерімен қамтамасыз ету тәртібін реттейді. Хаттамада тараптардың 2023 жылы орта класты тасымалдағыш зымыранмен «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарының басталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері нақты жазылған, - деді сенатор Талғат Мұсабаев.
Сенатор атап өткендей, хаттаманы ратификациялау «Бәйтерек» бірлескен қәсіпорны» акционерлық қоғамының кредиттік міндеттемелерден босатылуына және «Бәйтерек» мемлекетаралық жобасын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша шығыстарға алып келмейді, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс әсер туғызбайды. Сенаттың тұрақты комитеттері оң қорытындыларын берді. Жұмыс тобында заң жобасы жан-жақты қаралды және зерттелді, - деп атап өтті Талғат Мұсабаев.