Сенатта азық түлік қауіпсіздігін бақылау мәселесі талқыланды

12 Наурыз 2024, 19:59
325
Бөлісу:
Сенатта азық түлік қауіпсіздігін бақылау мәселесі талқыланды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай оқу-ағарту, денсаулық сақтау, сауда және интеграция, қаржы, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, сондай-ақ "Қазақстан республикалық тұтынушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі – кездесудің басты тақырыбы болды.

Бибігүл Жексенбай кездесу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, адам өлімінің 60%-ы қауіпті қоспамен дайындалған сапасыз тағамнан туындап отырғанын атап өтті.

Басты мәселе шетелден келетін зиянды тағамдардың шекарамыздан өтіп кетуі. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауардың сыртында қазақ немесе орыс тілінде аудармалары болуы шарт әрі міндет. Бірақ біздің түсінбей отырғанымыз сырттан келетін «қоқыс» тағамның сыртында бірде-бір мемлекеттік немесе ресми тілде аударманың жоқтығы. Оны еліміздің мектеп оқушыларының қолын созған жерде алуы алаңдатып отыр, - деді Бибігүл Жексенбай.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі өз кезегінде жұқпалы емес аурулардың алдын алу және азаматтар мен өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шараларды іске асыру сала қызметінің негізгі бағыты болып табылатынын атап өтті. Оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыруға қажетті құқықтық база сол үшін жасалды. Оқушыларды витаминдер мен минералдармен байытылған өнімдерді қосып тамақтандыру жөніндегі бірыңғай стандарт бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы