Сенатта әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту мәселесі талқыланды

1 Қазан 2024, 19:46
277
Бөлісу:
Сенатта әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту мәселесі талқыланды
Фото: сенат

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттар әскери қызметшілерді және олардың отбасын әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына және әлеуметтік бейімделуіне лайықты жағдайдың болуы олардың бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да психологиялық ахуалы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Атап айтқанда, қазіргі заманғы қару-жарақпен тиімді және қауіпсіз қызмет атқаруда әскердің моральдық тұрғыда даярлығы шешуші рөл атқарады, - деп атап өтті сенатор.

Отырысқа қатысушылар кейінгі уақытта Қарулы Күштер қатарында болған қоғамдық наразылық туғызған бірқатар оқиғаларды атап өтті. Сенаторлар сондай-ақ Мемлекет басшысының әскери қызметшілердің денсаулығы мен қауіпсіздігі ерекше бақылауда болуы тиіс деген тапсырмасын еске салды. Қорғаныс министрлігінің өкілі өз кезегінде әскер өмірін жақсарту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатқаны және қызмет жағдайымен қоса лауазымдық жалақы мен ақшалай үлес кезең-кезеңмен ұлғайғаны туралы хабарлады. Алайда, бар әлеуметтік жеңілдіктер топтамасы әлі жетілдіруді талап ететіні айтылды.

Отырысқа қатысушылар әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыруды қайта қарау қажеттігі мәселесін талқылады. Қазіргі кездегі ережелер ұсынылатын азық-түлік сапасына теріс әсер ететіні әрі нарықтық нақты жағдай талабына жауап бере алмай отырғаны атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы