Сенаторлар ветеринариялық зертханалардың жұмысымен танысты

12 Қараша 2024, 21:15
228
Бөлісу:
Сенаторлар ветеринариялық зертханалардың жұмысымен танысты
Фото: сенат

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбы бойынша өтетін парламенттік тыңдауға дайындық аясында еліміздегі жетекші зертханаларда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ветеринария саласының сарапшылары қатысты.

«Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық», «Республикалық ветеринариялық зертхана» және «Ұлттық сараптама орталығы» сияқты еліміздегі негізгі зертханалардың жұмысымен танысу – шараның басты мақсаты болды. Депутаттар сапар барысында ветеринариялық қауіпсіздік, санитарлық бақылау және азық-түлік өнімдерінің сапасы мәселелерін, сондай-ақ осы салалардағы инновациялық технологиялардың рөлін талқылады.

Депутаттардың сапары зертханалардың қазіргі жағдайын бағалап қана қоймай, олардың жұмыс стандарты мен әдістерін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді. Бұл әрекеттер Қазақстанда ветеринариялық және санитарлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталып отыр, ол өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі мәселенің бірі ретінде саналады.

Өзгелердің жаңалығы