Сенаторлар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы органдарының отырыстарына қатысты

20 Қазан 2022, 18:45
824
Бөлісу:
Сенаторлар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы органдарының отырыстарына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Нұржан Нұрсипатов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы органдарының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚШҰ ПА Кеңесі жанындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Парламенттерінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеттері төрағаларының Үйлестіру кеңесі отырысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Ұйым аясындағы әскери ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ әскери, ұлттық және шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

Сенатор Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында әріптестерімен бірге патогендік микроорганизмдер мен токсиндерге қатысты қауіпсіздік пен қадағалауды қамтамасыз етудің мемлекеттік тетіктерін жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылады. 

Отырыс нәтижесінде           ҰҚШҰ-ның «Отын-энергетика кешені объектілеріндегі терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» үлгі заңының жобасы бойынша жұмысты бекіту туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы