Сенаторлар: Ұлттық заңнаманы жетілдіру арқылы барлық көмекті көрсетуге дайынбыз

Бүгiн, 17:10
124
Бөлісу:
Сенаторлар: Ұлттық заңнаманы жетілдіру арқылы барлық көмекті көрсетуге дайынбыз
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысы Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғамдық тәртіпті нығайтудың өзекті мәселелері жүздесудің басты тақырыбы болды.

Сенаторлар шара барысында балалардың қауіпсіздігі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализмге жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша қабылданған заңдардың ережелерін түсіндірді. Олар сондай-ақ полиция бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысымен танысты.

Қоғамдық тәртіпті нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау – ішкі істер органдары қызметінің басты мақсаты болып табылады. Біз, Сенат депутаттары ретінде ұлттық заңнаманы жетілдіру арқылы осы бағытта жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз, - деді Наурызбай Байқадамов.

Сенаторлар полицейлермен кездесуден кейін Жалағаш ауылында орналасқан 130 орындық «Жас қыран» балабақшасында болды. Бұл балабақшада робототехника, білім беру ойындары, би және ұлттық құндылықтар үйірмелері жұмыс істейді.

Балабақша қызметкерлері сенаторларға білім беру саласын жетілдіру туралы ұсыныстарын айтып, білім беру бастамаларын қолдау мен балалар мекемелерін дамытудың маңызына тоқталды. Сенаторлар өз кезегінде ұсынылған бастамалардың маңыздылығына назар аударды және олардың заңнамалық деңгейде іске асуына ықпал ететінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы