Сенаторлар: Ұлттық экономиканың негізі – өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту

3 Шілде 2024, 20:52
218
Бөлісу:
Сенаторлар: Ұлттық экономиканың негізі – өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысының Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізді және әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаторлар Бастөбе ауылындағы шикі мұнайды қайта өңдеу мен мазутты терең өңдеуге маманданған ЖШС «Секвойя плюс» жабдықтарын жаңғырту барысымен, орталық аудандық ауруханадағы күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуымен, сондай-ақ Үштөбе қаласындағы гуманитарлық колледждің жұмысымен танысты.

Мұнай өңдеу зауыты аудан экономикасына да, жалпы Жетісу облысы үшін де стратегиялық маңызға ие. Жабдықты жаңғырту қайта өңдеу процесін жақсартуға, атмосфераға зиянды шығарындыны азайтуға және ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, - деді сенатор Дүйсембинов.

Депутаттар аудандық ауруханандағы күрделі жөндеуді жеделдетудің маңызына, сондай-ақ гуманитарлық колледжде педагог кадрларды даярлау сапасына жергілікті атқарушы органдардың назарын аударды.

Аудандық аурухана халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жөндеуді тез арада аяқтау жөніндегі барлық шараларды жүзеге асыру керек, ал колледж педагог кадрларды жоғары деңгейде даярлауы тиіс. Біздің балаларымыз бен еліміздің болашағы осыған байланысты, - деп атап өтті Ғалиасқар Сарыбаев.

Өзгелердің жаңалығы