Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламенттің кезекті сессиясындағы Сенаттың алғашқы отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Асқар Шәкіров пен Ләззат Сүлеймен алға тартты.
Олар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын дамыту мақсатында Үкіметке сұрау жолдады.
Бұл жолғы депутаттық сұрауда тұрғын үй саясаты саласындағы проблемалық мәселелер тілге тиек етілді. Өткен жылдың қазан айында бұл проблемалар айтылған көрінеді. Алайда Үкімет депутаттардың тұжырымдары мен ұсыныстарын тиісті түрде ескермеген. Ол жерде азаматтарды балама тұрғын үйсіз немесе өтемақысыз жалғыз тұрғын үйден шығару мәселелері сөз болды. Сенаторлар жалғыз тұрғын үйден шығарылған азаматтардың статистикасын ретке келтіру, сондай-ақ оларға барлық жағдайларда сатып алу құқығынсыз жалға тұрғын үй беру секілді ұсыныстар айтқан.
Өз кезегінде депутаттар тұрғын үйді несиелеу нарығының қалай дамитынын түсіндіруді сұрады. Сонымен қатар депутаттар министрлер кабинеті мүшелерінің назарын тұрғын үй саясаты саласында туындайтын басқа да проблемаларға аударды. Олар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үйлерді салу сапасының төмендігіне, құрылыс салушыларды лицензиялау мерзімділігін енгізу қажеттілігіне, пәтерлерді пайдаланудың кепілдік мерзімін 5 жылға дейін ұлғайтуға және республикалық деңгейде әлеуметтік тұрғын үй құрылысының сапасына бақылау орнатуға қатысты.
Депутаттар қандастар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сияқты азаматтардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын атап өтті. Мысалы, бүгінде тұрғын үй кезегінде 1 448 қандас тұр, ал соңғы 5 жылда осы санаттағы 131 адамға ғана пәтер бөлінді. Қандастарды тек ел Үкіметі айқындайтын өңірлер бойынша қоныстандыру жөнінде ұсынылатын талаптар тиімсіз деп санайды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй бөлу саласында тәртіп орнату қажеттілігі сенаторларды да алаңдатады. Сенаторлардың айтуынша, балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің орталықтандырылған есебі жүргізілмейді, ал әкімдіктер тұрғын үйді ретсіз бөлетін көрінеді.