Сенаторлар жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

Жүздесу барысында халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері көтерілді. 

 8 Қаңтар 2020 2020, 17:08
8 Қаңтар 2020 2020, 17:08
2859

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы облысындағы жұмыс сапары аясында Жамбыл ауданында болды.

Депутаттар Жамбыл ауданының активімен кездесті. Жүздесу барысында халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері көтерілді. Сенаторлар проблемалық мәселелер атқарушы органдардың назарына ұсынылып, жеке бақылауға алынатынын атап өтті.

Сенаторлар сонымен қатар Ақтерек ауылындағы жаңа көпір құрылысымен де танысты. Олар сапар аясында Жамбыл, Қарақыстақ, Аққайнар, Шиен, Дегерес елді мекендерінде болды.
Наверх