Сенаторлар Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданында болды. Сенаторлар аудан әкімімен, мәслихат депутаттарымен және жергілікті тұрғындарымен кездесті. Онда Сенаттың заң шығару қызметі туралы айтылды және медиация мен инфрақұрылым мәселелері талқыланды.
Сенаторлар Шиелі ауданындағы Бестам ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысының барысымен танысты және Парламентте қаралатын заңдарды талқылауға орай құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті.
Наурызбай Байқадамов пен Рүстем Рүстемов Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен де кездесті. Кездесу барысында Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан бастамалары мен Парламентте қабылданған заңдардың ерекшеліктері талқыланды.
Депутаттардың жұмыс сапары Тасбөгет кентінде одан әрі жалғасты. Олар абаттандыру барысымен танысты және суаруға арналған су мәселесін көтерген жергілікті тұрғындармен кездесті. Сапар барысында сондай-ақ №4 емханада болып, медициналық қызметкерлермен мекеменің жұмысын жақсарту мәселесін талқылады