Сенаторлар құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

28 Наурыз 2022, 23:34
1315
Бөлісу:
Сенаторлар құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Ақмарал Әлназарова Қызылорда облысының құрылысшыларымен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді және қымбаттай бастаған құрылыс материалдарының жағдайын талқылады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Құрылысшылар одағының Қызылорда облысы бойынша өкілі Манарбек Еспенбетовтің айтуынша, бүгінде құрылыс материалдары орташа есеппен 100%-ға қымбаттады.

Осыған байланысты жақын арада тұрғын үй құны өзгеруі мүмкін, шығындардың кемінде 50%-ын құрылыс материалдары құрайды. Кездесу барысында қазіргі таңда облыста құрылыс материалдарын шығаратын 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейтіні, бірақ пластик құбыр мен шатыр жабындары өндірісі жоқ екендігі атап өтілді. Алғашқы 4 айда құрылыстағы жергілікті өнімнің үлесі 69%-ды ғана құрады, қалғаны импорттан әкелінеді. Кездесуде сонымен қатар тендерлік рәсімдерге, кадрлар тапшылығына қатысты мәселелер де көтерілді. 

Отырыс соңында Парламент депутаттары талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтіп, жақын арада құрылыс мәселелері бойынша парламенттік тыңдаулар өткізілетінін атап өтті. Сондай-ақ депутаттар айтылған мәселелерді шешу үшін Үкіметке депутаттық сауалдар жолдау туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы