Сенаторлар Қарағанды техникалық университеті құрамымен кездесті

31 Мамыр 2022, 22:00
1706
Бөлісу:
Сенаторлар Қарағанды техникалық университеті құрамымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Әлімжан Құртаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті,деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Депутаттар кездесу барысында Қазақстан жұртшылығы кеңінен талқылап жатқан Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістер туралы айтты.

Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазақстандық қоғамның саяси жүйені демократияландыруға деген сұранысы мен мемлекеттік шешімдерге ықпалын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін көрсетеді. Баршаңызды азаматтық белсенділік танытуға және 5 маусымдағы референдумға белсенді қатысуға шақырамын, конституциялық реформаны бәріміз бірге қолдайтын боламыз. Біз халықтың басым бөлігі, әсіресе жастар ұсынылған түзетулер бойынша өз пікірін білдіру үшін сайлау учаскелеріне келеді деп сенеміз, - деп атап өтті Ерік Сұлтанов өз сөзінде. 

Сенатор Әлімжан Құртаев еліміздің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер туралы профессор-оқытушылар құрамын егжей-тегжейлі хабардар етті. Өзгерістердің қатарында аудандық және облыстық мәслихаттарға сайлауға, ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісін құру тәртібіне, Конституциялық сотты құруға қатыстылары да бар.

Кездесуде сондай-ақ Сенатта өткен жастар саясаты жөніндегі парламенттік тыңдауда көтерілген негізгі мәселелер де талқыланды. Кездесуге қатысушылар білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, техникалық университеттер түлектерін жұмысқа орналастыру және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы