Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар 23 қарашада болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соған сәйкес бейсенбі күні өтетін отырыста сенаторлар «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарды қарайды.
Алдағы жылдарға арналған бюджет макроэкономикалық тұрақтылыққа, бюджеттік шығыстарды ұтымды етуге, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына, банк секторын нығайтуға, сондай-ақ, елде қолайлы кәсіпкерлік және инвестициялық орта құруға бағытталған.
Сонымен қатар Бюро отырысында Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.
Оқи отырыңыз: