Сенаторлар «кибербуллинг туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

14 Сәуір 2022, 11:20
1541
Бөлісу:
Сенаторлар «кибербуллинг туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды. 

Сенаторлар құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Заң жобасын қабылдаудан баланың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және заңнаманы жетілдіру, балаларды оларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңістік салаларында қорғау тетіктерін іске асыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарын ерте анықтау және ерте арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру; олимпиада жеңімпаздары, дарынды балалар мен олардың педагогтарын қолдау күтіліп отыр, - деп айтты сенатор Динар Нөкетаева.

Оның сөзінше, заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін Комитеттің кеңейтілген отырысында Сенаттың тұрақты комитеттерінен, Сенат Аппаратынан және қоғам тарапынан келіп түскен бірқатар ескерту мен ұсыныс жан-жақты талқыланды. Барлық ескерту мен ұсыныс тиісті салыстырма кестеге енгізіліп, ұсынды. 

Баяндалғанды ескере келе, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңның 29-бабының 1), 7) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасына өзгерістер мен толықтыруды Сенат отырысында 2-ші оқылымда қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 5-тармағына сәйкес оларды Парламентінің Мәжілісіне жіберуді ұсынады, - деп атап өтті Динар Нөкетаева Сенатта.

Өзгелердің жаңалығы