Сенаторлар азаматтық заңнаманы дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы: жағдайы және одан әрі дамыту жолдары» тақырыбы бойынша отырыс болды.
Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі барлық мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттеудің құқықтық негізі және кең ауқымды жеке-құқықтық қатынастар тізімін реттейтін жүйелі заң болып табылатынын атап өтті. Депутат атап өткендей, ол сонымен қатар, қазіргі замандағы қауіп-қатерге жауап беру үшін жетілдіруді қажет етеді.
Азаматтық кодекстің құрылымын егжей-тегжейлі зерделеу және талдау бойынша ауқымды жұмыс атқаруға тура келеді. Бүгінгі шараны Қазақстанның азаматтық заңнамасын жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастыруға болады, - деп атап өтті сенатор.
Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Жоғарғы Соттың, салалық министрліктердің, сондай-ақ еліміздің сарапшылар және заңгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.