Сенатор Советбек Медебаев ауылдағы емханалардың қызметін жақсартудың жолын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенатор Советбек Медебаев ауыл медицинасы саласындағы жетістіктер және республиканың барлық өңірлері бойынша ел Премьер-министрінің атына депутаттық сауал Жолдауда кезең-кезеңімен енгізілуі қажет жаңа пилоттық жобалар туралы айтып берді.
Сенатордың айтуынша, елімізде ауылдық медицинаны дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елді мекендер мен ауылдарда 7,5 млн адам тұрады. Бұл ел халқының 38 пайызы.
Алайда елді мекендерде ауруханалардың жетіспеушілігі, қаржыландыру, кадрлар тапшылығы және қарапайым дәріханалардың болмауы сияқты көптеген мәселе бар.
Медебаев Жамбыл облысының Меркі аудандық ауруханасында іске асырылып жатқан, ауылдық мұраға заманауи сапалы медициналық қызметтер көрсететін пилоттық жобаның жұмысы оң нәтиже беретінін атап өтті.
Меркі аудандық ауруханасы дәрігерлердің, қаржыландыру мен дәрі-дәрмектердің, құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне және тапшылығына қарамастан, ұйымның негізгі көрсеткіштерін жақсартып, жалпы халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген қарым-қатынасын оңтайлы өзгерте білді. Біз тек қана кемшіліктерді ғана тізбектемей, жасалып жатқан осындай республика деңгейінде үлгі боларлық жаңа және пилоттық жобаларды жақсылап тұрып қолға алуымыз қажет деп есептеймін. Осы орайда, ауылдық медицинаны дамыту мақсатында еліміздің барлық өңірінде медицина мекемелеріне енгізу үшін ұсыныстарды жолдай отырып, осы мәселеге ерекше назар аударуыңызды сұраймын, - деді сенатор.
Депутат «үздік тәжірибе орталығы» жүйесі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Олар енгізген жобалар медициналық қызмет сапасына риза болған пациенттердің 34%-ға артуының, шағымдар санының 60%-ға төмендегені туралы оң нәтиже көрсетіп отыр. Ал «Денсаулық мектебі» жобасы медициналық сауаттылық деңгейін арттырып, ауруханаларға шұғыл жатқызу жағдайының санын азайтты.
Адам ауруларының алдын алуға бағытталған ерекше тәсіл, яғни диагнозға бағытталған тәсіл науқас пен оның қажеттіліктерін бірінші орынға қойып, ескі жүйені жақсартты. Жаңадан ашылған «Денсаулық мектептері» медициналық сауаттылық деңгейін көтеріп, шұғыл емдеуге жатқызуды төмендетті. Учаскелік дәрігерлердің жүктемесін және жұмысын жеңілдету мақсатында мейірбике қабылдауы енгізілді. Елімізде ауылдық медицинаны жақсарту және пилоттық жобаларды барлық өңірлерге тиімді енгізу мақсатында Жамбыл облысында «Ұлттық демонстративті платформа» құруды және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің озық тәжірибесін енгізу және трансферттеу жөніндегі республикалық үйлестіруші орталық ретінде бекітуді ұсынамыз, - деп атап өтті сенатор.