Сенаторлар Алматыдағы ІІМ академиясында болды

19 Тамыз 2021, 13:15
2350
Бөлісу:
Сенаторлар Алматыдағы ІІМ академиясында болды

Алматы, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы және комитет мүшелері Владимир Волков пен Сәуле Айтпаева, Сұлтанбек Мәкежанов ІІМ Алматы академиясында болып, аталған оқу орнының жұмысымен танысты. 

Кездесуде құқық қорғау органдарын жүйелі реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс мәселелері талқыланып, қылмыстық процестің үш буынды моделі жағдайында жаңа форматтағы кадрларды даярлау бағыттары жөнінде айтылды.

Академия бастығы, полиция полковнигі Айдар Сайтбеков оқу орнының атқарған жұмысы мен стратегиялық даму жоспары туралы баяндай келіп, өз сөзінде ведомстволық білім беру реформасы шеңберінде ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау бойынша ІІМ өткен бастамашылық жаңалықтар туралы хабардар етті.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В.Волков полиция қызметін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалаудың маңыздылығына тоқталып, полиция кадрларының барлық санатын сапалы жаңа деңгейде дайындауға ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Сәуле Айтпаева мен Сұлтанбек Мәкежанов ІІМ Алматы академиясының ІІО қызметкерлерін даярлаудың практикаға бағдарланған бағдарламаларын енгізу мен қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті бағыттарды ескере отырып, оқу бағдарламаларын жобалау, оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделіне көшу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту керектігін жеткізді. 

Академияға келген халық қалаулыларына полицияның сервистік моделін, киберқауіпсіздікті, IT-технологиялар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы, сондай-ақ, академияның аумағы, оқу аудиториялары мен мамандандырылған кабинеттері көрсетіліп, экскурсия жасалды.

Өзгелердің жаңалығы