Сенат депутаты Наурызбай Байкадамов Қызылорда облысы мен оған шекаралас Өзбекстан аймағына жаңа жол салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Қызылорда облысы мен Өзбекстанмен шекаралас өңір арасында тікелей автокөлік қатынасының болмауы сауда, туризм және мәдени байланыстардың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр.
Жаңа жолдың салынуы облыстардағы ауылдар арасындағы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, экономикалық ынтымақтастықты нығайтар еді. Бүгінде екі өңірдің тұрғындары 1 330 шақырым жол жүруге мәжбүр. Жаңа тас жол бұл қашықтықты мың шақырымға қысқартып, болашақта Астанаға, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына, сондай-ақ көршілес елдерге шығуға мүмкіндік береді,– деді ол.
Оның айтуынша, бұл тек көлік қатынасын нығайтып қана қоймай, туризмнің дамуына жаңа серпін береді.
Тез арада Өзбекстан тарапынан басқамемлекеттер арқылы қатынас жолдарыигерілмей тұрғанда Үшқұдық - Қызылордабағытындағы автомобиль жолы жобасын іске асыруды қолға алу керек деп санаймыз. Әйтпесе, жаһандану кезіндегі бәсекелестіктіңширығып тұрған заманында кейін қаламыз. Автомобиль жолы құрылысының болжамдықұны шамамен – 125,3 млрд теңгені құрайтын болады,-деді сенатор.