Сенатор Жамбыл облысында болды

26 Шілде 2021, 13:20
1564
Бөлісу:
Сенатор Жамбыл облысында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Бекболат Орынбеков Жамбыл облысының аудандарына жасаған сапары барысында ауылдық сайлау учаскелерінде болды.

Ол ауыл әкімдерін тікелей сайлау мен жергілікті органдардың дербестігін нығайтуға бағытталған және ел Президентінің бастамасымен әзірленген Сенат қабылдаған заңдар туралы ауыл тұрғындарына егжей-тегжейлі айтып берді. Сенатор осыған байланысты сайланған ауыл әкімдеріне зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Бекболат Орынбеков, сондай-ақ, облыстың бірқатар әлеуметтік нысанын да аралады. Атап айтқанда, Меркі ауданындағы жаңа спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сенат депутаты мұндай нысандар бұқаралық спортты дамыту үшін маңызды екенін атап өтті. Ол осыған байланысты осы жұмысты жалғастырудың маңыздылығына жергілікті әкімдіктің назарын аударды.

Сенатор Меркі және Талас аудандарындағы бірқатар мектепте болды. Ол педагогтармен Мемлекет басшысының мектептерді дәстүрлі оқыту жүйесіне қайтару жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын талқылап, мектептерді қысқы жылыту маусымына дайындау қажеттігін атап өтті.

Сенатор Талас аудандық орталық ауруханасында да болды. Дәрігерлер медициналық қызметкерлерді түгелдей вакцинациялау туралы сенаторды хабардар етті және оны аудан тұрғындарын вакцинациялау барысымен таныстырды.

Сенатор Тұрар Рысқұлов ауданына барған сапарында Қонаев және Әбілқайыр ауылдарына газ құбырын жеткізу жұмыстарының барысын тексерді. Бекболат Орынбеков мердігер ұйым өкілдерімен кездесуде аталған ауылдардың барлық тұрғынын қысқы жылыту маусымы басталғанға дейін табиғи газбен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

 



Өзгелердің жаңалығы