Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Ольга Перепечина Ұлттық қор трансферттерінің үлесі 2020 жылы 40 пайызды құрағанын айтты.
Біз қазіргі тенденцияға өте мұқият болуымыз керек. Республикалық бюджеттің кірістеріндегі Ұлттық қордан трансферттердің үлесі жыл сайын өсіп келеді. 2020 жылы ол 40% құрады. Пандемия жағдайын жақсартуға әлі күнге дейін сенім жоқ. Ал мемлекеттік міндеттеме көлемі өсіп келеді. Әлеуметтік блок шығыстар қазірдің өзінде бюджет көлемінің 40 пайызынан асып кетті, - деді Ольга Перепечина.
Оның айтуынша, дағдарыс кезінде бұл мәжбүрлі әрі негізі бар іс-шара саналады. Бірақ сенатор басқа кіріс көздерін іздеу керек деп санайды.
Әлемдік экономикадағы түбегейлі өзгеріс жағдайында шикізаттық емес кірістердің жаңа көздерін іздеу және «қауіпсіздік жастығы» әрі болашақ ұрпаққа арналған қаражатты басқарудың әдістерін қайта қарастыру қажет, - деді депутат.