Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сенатор Тоқаев жасаған бастамаға пікір білдірді

17 Маусым 2025, 18:56
758
Бөлісу:
 Сенат баспасөз қызметі
Фото: Сенат баспасөз қызметі

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп “Орталық Азия – Қытай” саммитінде Президент көтерген бастамаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатордың сөзінше, саммит жаһан назарын аударған жиын болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда 2026 жылды “Білім беру және ғылыми зерттеулер жылы” деп жариялау туралы ұсыныс жасады. Өте орынды мәселе. Білім мен ғылымсыз келешек көмескі. Президент Орталық Азия мен Қытай халықтарының арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын айрықша атап өтті. Мәдени орталықтардың көптеп ашылып, креативті индустрия және туризм салаларының жақсы дамуы осы бағыттағы басты басымдықтарға айналды, - деді Жүсіп.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қытай тарапының Орталық Азиямен ынтымақтастыққа арналған атаулы жылдар ұйымдастыру бастамасына қолдау білдірді.

Осы орайда келесі жылды “Білім беру және ғылыми зерттеулер жылы” деп жариялауды ұсынды. Президент бұл бастаманың гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі жандандыра түсетіндігіне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы