Сенатор ТМД ПАА конференциясына қатысты

20 Ақпан 2024, 21:08
536
Бөлісу:
Сенатор ТМД ПАА конференциясына қатысты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор Айнұр Арғынбекова ТМД ПАА конференциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламент Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ көші-қон кеңістігінің тұжырымдамасы: жалпы қағидаттар мен ұлттық мүдделер» халықаралық конференциясына қатысты.

Сенатор Достастық мемлекеттеріндегі көші-қон саясатындағы ерекшеліктерді, сондай-ақ 2012 жылы ТМД ПАА қабылдаған ТМД елдерінің ортақ көші-қон кеңістігі тұжырымдамасына енгізілетін негізгі өзгерістерді басқа елдердің парламентшілерімен бірге талқылады.

Конференцияға қатысушылар көші-қон саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру және үйлестіру, жоғары білікті және сұранысқа ие еңбек ресурсын тарту, кадрлар қажеттілігі мен қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қолдау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы