Сенатор СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті

9 Шілде 2024, 19:46
251
Бөлісу:
Сенатор СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Евгений Больгерт Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенат депутаты Евгений Больгерт Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарында болды және өңірдегі кәсіпорындар мен қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті.

Петропавлдағы Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде болған кезде ол өңірдегі ең көне оқу орындарының бірі екені және темір жол көлігі, машина жасау мен энергетика салаларында мамандар даярлайтын оқу орны екенін сенаторға айтып берді.

Депутат Достық үйінде болып, «Жомарт жан» өңірлік орталығының өкілдерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесті. Евгений Больгерт өз сөзінде су тасқыны кезінде барша халық паш еткен ынтымақ-бірлікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мен өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Сенатор Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Ал облыстық сотта болған жүздесуде депутат 2024 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сот төрелігін іске асыру жұмысының қорытындысымен танысып, Парламент Сенатының қызметі туралы хабардар етті.

Депутат сапар соңында Петропавлдағы «Бірлік» шағын ауданына болып, су тасқыны зардабына орай жаңа үй берілген отбасылармен кездесті. Евгений Больгерт көрсеткен батылдығы үшін тұрғындарға алғысын білдіріп, одан әрі қолдау мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы