Сенатор: Құн салығының көтерілуі кәсіпкерлерді алаңдатып отыр

10 Қараша 2023, 11:20
614
Бөлісу:
Сенатор: Құн салығының көтерілуі кәсіпкерлерді алаңдатып отыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Сенатор Ләззат Рыспекова шағын және орта бизнесте салық саясатының жетілмеуімен байланысты жүйелі мәселе барын айтады, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Сенатта «Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтіп жатыр.

Бүгінде бұл мәселеге қатысты бизнес-қоғамдастықтың көптеген шағым түсіп жатыр. Біріншіден, бұл – қосылған құн салығына қатысты. Оның мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға көтеру ұсынылып отыр.  ҚҚС мөлшерлемесін көтеру мәселесі отандық кәсіпкерлермен егжей-тегжейлі пысықтауды және талқылауды талап етеді деп санаймыз. Сондай-ақ Үкімет бизнеске салық жүктемесінің өсуіне әкелмейтін балама «ауыр тимейтін» нұсқаларды қарауы керек, - деді депутат.

Елімізде ҚҚС-ты қайтару, сондай-ақ салықтар бойынша жоғары жүктемені сақтау және жұмыс берушілерге төленетін әлеуметтік төлемдер (39%) мәселелері де шешім қабылдауды талап етеді.

Салық саясатында бизнес пен мемлекет мүддесінің тепе-теңдігі керек, - деді Ләззат Рыспекова.

Өзгелердің жаңалығы