Сенатор Павлодар облысындағы жолдарды жаңғырту жұмысының барысымен танысты

3 Шілде 2024, 16:40
329
Бөлісу:
Сенатор Павлодар облысындағы жолдарды жаңғырту жұмысының барысымен танысты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат депутаты Ернұр Әйткенов Павлодар облысындағы аудандарда болып, әлеуметтік нысандарды аралады және тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған өзекті мәселелерді талқылады.

Сенатор осы аймақтағы ірі сүт-тауар фермасының бірінде кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті және өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау және азаматтар өмірінің басқа да салаларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Бүгінде мемлекет субсидиялар мен преференциялар арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдап келеді. Бұл шаралардың бәрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өндірісті дамыту үшін жүзеге асуда, - деді Ернұр Әйткенов.

Сенатор сондай-ақ Ертіс ауданындағы Амангелді ауылында болды. Бұл жерде ауылдан республикалық тас жолға дейінгі автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын.

Амангелді ауылының тұрғындары қыс мезгілінде ауылға жете алмайтыны және ол елеулі проблема болып отырғаны туралы депутатқа айтып берді. Бұл мәселе автожолды қайта жөндеуден кейін шешілуі керек.

Өзгелердің жаңалығы