Сенатор Маминге Қазақстандағы онлайн оқытудағы мәселелерді айтып тастады

28 Қаңтар 2021, 11:43
914
Бөлісу:
Сенатор Маминге Қазақстандағы онлайн оқытудағы мәселелерді айтып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Ольга Перепечина Қазақстандағы онлайн оқыту мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, қашықтан оқитын студенттер әртүрлі оқу сайттарын қолдануға мәжбүр болып отыр. Өйткені, бірыңғай білім беру онлайн-платформасы әлі жасалмаған. Осыған дейін онлайн білім беру платформаларын пайдалануда оны бірі тегін қолданса, екіншісі өзге қызмет көрсетушілерден сатып алып отыр.

Сенатор Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған сауалында «Күнделік» жүйесі Білім және ғылым министрлігінің жалғыз серіктесі екенін ескере отырып, бұл жүйенің жеке инвестор есебінен толық қаржыландырылатынын атап өтті. Алайда, кейбір білім беру интернет-платформалары «Күнделік» функцияларының ақысыз қызметінің көшірмесін мемлекеттік бюджеттен сатып алуда.

Сонымен қатар «Күнделік» автоматтандырылған ақпарат жүйесінің қызметін қайталайтын белгілі бір білім беру интернет-платформалары өз қызметтерін бірқатар білім ошағы мен жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер үшін ақылы негізде ұсынатын практика байқалады. Сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналар жүйедегі бірнеше жұмыстың мәжбүрлі түрде бірдей жүруіне байланысты жүктеменің артуына көңілі толмай отыр. Осының салдарынан білім алушылардың оқу үлгерімін нақты бақылау орны да белгісіз, - деді Ольга Перепечина.

Депутаттың пікірінше, интернет-платформалар жұмысының үйлеспеуі және олардың қызметінің қайталануы бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға негіз болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы