Сенатор «Бейбітшілік және келісім саябағының» құрылыс барысымен танысты

Кеше, 19:01
167
Бөлісу:
Сенатор «Бейбітшілік және келісім саябағының» құрылыс барысымен танысты
Фото: сенат

Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов «Бейбітшілік және келісім саябағының» құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Астана қаласында салынып жатқан «Бейбітшілік және келісім саябағының» құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған саябақты салу идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-Съезъінде туындаған болатын. Сол кезде Съезге қатысушылар қаланың арнайы бөлінген аумағында саябақтың іргетасын қалап, 60-қа жуық емен мен қылқан жапырақты ағаштардың көшетін отырғызды. Осыған байланысты шаһар әкімдігінің басшылығымен тиісті жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды.

Аталған бағытта атқарылып жатқан шаруамен танысқан депутат құрылыстың сапасы мен оны белгіленген мерзімде аяқтау аса маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол алдағы уақытта жаңа саябақ тек астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтар мен елордамызға келген меймандардың сүйікті демалыс орнына айналатынына сенім білдірді.

«Бейбітшілік және келісім саябағы» – әртүрлі мәдениет пен дін өкілдерін біріктіретін кеңістік құрудың жарқын үлгісі. Бұл – Қазақстандағы барлық конфессия мен этностың достығы мен ынтымағын айшықтайтын бірегей жоба. Сондай-ақ игі бастама еліміздегі дінаралық және этносаралық диалогты нығайтуға қосылған үлкен үлес екенін атап өткен жөн, – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Өзгелердің жаңалығы