Сенатор: Ауылдық жерде әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру маңызды

31 Желтоқсан 2024, 20:46
309
Бөлісу:
Сенатор: Ауылдық жерде әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру маңызды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Жетісу облысындағы Сарқан ауданының Көктөбе ауылында Жаңа жыл қарсаңында 200 орындық жаңа Мәдениет үйі ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор жаңа Мәдениет үйінің ашылуына орай ауыл тұрғындарын құттықтады және бұл шараның өңірдегі маңызды оқиға екенін атап өтті. Мәдени ошақтың шығармашылықты дамытуға, дәстүрді сақтауға және ауылдағы қоғамдық өмірді жандандыруға ықпал ететінін жеткізді.

Шараға қатысушылар жаңа ғимаратты және оның бөлмелері мен инфрақұрылымын аралап көрді. Мәдениет үйінде домбыра, вокал, халық ансамблі, қолөнер және би үйірмелері жұмыс істей бастады. Екінші қабатта 9 500 кітап қоры бар заманауи кітапхана орын тепті. Мәдениет үйінің мазмұнды жұмыс істеуіне арналған барлық қажетті құрал-жабдықтар мен аспаптар сатып алынды.

Ашылу рәсіміне аудандық мәслихат депутаттары, шаруа қожалықтарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Ауыл тұрғындары жаңа мәдени орталықтың барлық буын өкілдеріне шығармашылық пен бірліктің орнына айналып, ауылдағы әлеуметтік байланыстарды нығайтатынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы