Сенат тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды Мәжіліске қайтарды

17 Қазан 2024, 16:53
374
Бөлісу:
Сенат тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарастырылып отырған Заң тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Құжатпен 5 кодекске және 16 заңға түзетулер енгізіледі.

Заң келесідей шараларды белгілейді:

  • мұқтаждарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру;
  • жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;
  • -тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру;
  • -тұрғын үй сертификаттарын беру. Заңмен бұрын берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды қоса алғанда, жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығы берілетін болады.

"Заң шеңберінде "Отбасы банкі" АҚ-ны ұлттық даму институты етіп қайта құру көзделіп отыр. Бұл ретте "Отбасы банкі" АҚ-ға жергілікті атқарушы органдардың мұқтаждар үшін тұрғынжайды есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асыру жөніндегі функциялары берілетін болады. 

Сондай-ақ "Отбасы банкі" АҚ-ға тұрғын үйге мұқтаждар туралы мәліметтерді қамтитын, басқа да мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын қалыптастыру, жүргізу, мониторингтеу және өзектендіру жөніндегі функциялар бекітіледі,- делінген заңға қоса берілген қорытындыда. Заңда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мынадай:

  • Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына есепке қою;
  • тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру;
  • тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру жөніндегі қағидаларды;
  • жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін ақысының бір бөлігін субсидиялау тәртібін (бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша) әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретін кеңейту ескерілген.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары субъектілерінің мүдделерін қорғау мақсатында Заңда тиісті бап енгізілді. Оған сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары тұрғын үй алу құқығын және өз кезегін сақтайтын бап нақтыланды.

Оған сәйкес мыналар:

  • жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар кәмелетке толғаннан кейін;
  • мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар балалары кәмелетке толғаннан кейін;
  • «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар балалары кәмелетке толғаннан кейін;
  • толық емес отбасылар балалары кәмелетке толғаннан кейін;
  • ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұруға келген, Қазақстан азаматтығын алған қандастар;
  • жесір әйелдер балалары кәмелетке толғаннан кейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарылуға жатпайды.

Мұнымен қоса, баспанаға мұқтаждардың кезектілігін жүргізу тетігі жетілдіріледі. Мәселен, мемлекеттік қолдау шаралары кіріс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай іске асырылады.

Сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының жариялылығы мен ашықтығы мақсатында Заңмен норма енгізіледі, оған сәйкес Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдері тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында ай сайын жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы