Сенат төрағасы Digital Nomads өкілдерімен кездесті

13 Қазан 2023, 15:08
807
Бөлісу:
Сенат төрағасы Digital Nomads өкілдерімен кездесті
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл – шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды біріктіретін жоба. Олар қазір елордамызда өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін Астанаға арнайы келген.

Палата Спикері соңғы жылдары Digital Bridge форумы айтарлықтай кеңейіп, IT-индустрияны дамыту саласында танымал және беделді алаңға айналғанын атап өтті. Биыл аталған Форумға 20 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында 300-ден астам IT-компанияның өкілдері мен 30 елден келген делегация мүшелері бар.

Сенат Төрағасы елімізде ІТ саласына жоғары деңгейде баса мән беріліп келе жатқанын тілге тиек етті. Қазақстан электронды Үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында екенін деп атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы таяуда жариялаған Жолдауында ІТ саласына ерекше көңіл бөлді. Президентіміз 2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу жөнінде стратегиялық міндет жүктеді. Осыған байланысты Парламенттің алдында аталған тапсырманың орындалуын қажетті құқықтық базамен қамтамасыз ету міндеті тұр. Еліміздегі қазір қолданыстағы және қалыптасып жатқан құқықтық жағдай халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы керек. Сондай-ақ қазақстандық IT-компаниялардың дамуына ықпал етуге тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында Қазақстанда IT-саланы қоғамның сұраныстары мен жаһандық трендтерді ескере отырып дамытудың келешегі талқыланды. Жасанды интеллекттің дамуына қатысты сын-қатерлер де назардан тыс қалған жоқ. 

Сонымен қатар іс-шарада жастар өз тәжірибелерімен бөлісіп, саланың сапасын арттыруға арналған жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы