Сенат спикері Роман Склярдың Екібастұзда соншалықты үлкен апат болмады дегеніне жауап берді

15 Желтоқсан 2022, 12:37
1091
Бөлісу:
Сенат спикері Роман Склярдың Екібастұзда соншалықты үлкен апат болмады дегеніне жауап берді

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Екібастұздағы апатқа қатысты Роман Скляр соншалықты катастрофалық апат болған жоқ. Журналистер әсірелеп жіберді» деген болатын. Бұған не дейсіз?» деп сұрады тілші.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ойын бір контекстіде жеткізген шығар. Бірақ ол апатты үлкен апат болмады деп айтуға болмайды. Өйткені қаншама адам зардап шекті, қиналды. Оның барлығы туралы ақпаратты сіздер де (БАҚ өкілдері – ред.) таратып жатырсыздар. Екібастұздың азаматтары да біраз мәліметтер берді. Сондықтан қиын жағдай болды. Бұл жағдайға Президентіміз өз бағасын, тиісті тапсырмалар берді. Бүгінгі күні жағдай тұрақтанды деп айтуға болады. Қорытындылар шығарылуда. Мұндай апаттың Екібастұзда ғана емес, басқа өңірлерде де болмауының алдын алуымыз қажет, - деп жауап берді Сенат спикері. 

Сонымен қатар ол осы аптада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да Екібастұз мәселесінің жан-жақты талқыланғанын алға тартты. 

Қорытындыларға сәйкес, комиссия өз қорытындысын берді. Сол комиссияның ақпараты бойынша, бүгінде еліміздегі осындай ЖЭО-ның жартысынан көбі тозған, ел жағдайы мүшкіл. Оларды жаңғырту Үкіметтің, жергілікті әкімдердің, Парламенттің алдындағы негізгі мақсаттарының бірі. Жағдайды онша қиын болмады деп айтуға болмайды. Мұндай жағдайды болдырмауымыз керек. Алайда бұл өте күрделі мәселе. ЖЭО қайта жаңғыртып, модернизация жасау үшін миллиардтаған қаржы қажет. Ол қаржыны басқа жерден алып, басқа шығындарды қысқартуға тура келеді. Кешенді түрде жұмыс істеуді талап етеді. Бұл жерде эмоцияның болуы орынды, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Өзгелердің жаңалығы