Сенат сайлануын өткізудің күнтізбелік жобасы әзірленді - ОСК

28 Қараша 2022, 11:20
791
Бөлісу:
Сенат сайлануын өткізудің күнтізбелік жобасы әзірленді - ОСК
Фото: автордан

Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн тәртібінде 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі мәселелер қойылды.

Өз өкілеттігіне сай орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті сенаты депутаттарының сайлауын өткізуді жүктейді. Бүгінде сайлауды әзірлеу және өткізудің күнтізбелік жобасы әзірленді,-дейді Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ отырыс барысында Константин Петров сайлаудың өткізілу тәртібі туралы баяндады.

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы Республика Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзімі бітуіне дейін кемі төрт ай қалғанда тағайындалып, екі ай қалғанда өткізіледі. Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеп, сайлау қорытындысын шығарады.Кандидаттарды ұсыну облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргізіледі. Сондай -ақ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер де кандидаттар ұсына алады. Сонымен қатар кандидаттар өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатыса алады,-деді орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Қарашаның 29-нан бастап кандидаттарды ұсыну басталады және 14 желтоқсанға дейін кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 13 қаңтар тыныштық күні деп танылды. Ал, дауыс беру 14 қаңтар күні деп белгіленіп, сайлау қорытындысы 20-шы қаңтарға дейін шығарылады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы