Сенат Қырғызстанның өткізу бекетіне қатысты заңды мақұлдады

1 Ақпан 2024, 10:31
446
Бөлісу:
Сенат Қырғызстанның өткізу бекетіне қатысты заңды мақұлдады
Фото: BAQ.KZ Mukhtar Holdorbekov

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қырғызстанның өткізу бекетіне қатысты Заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қырғыз Республикасы, Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі өтпелі ережелерге сәйкес, 2015 жылы 24 ай (12.08.2015 ж. бастап 12.08.2017 ж. дейін) ішінде, Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан барлық өткізу пункттерін жайластыру және материалдық техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етуге міндеттеме алған болатын.

Бұл ретте, міндеттемелерді толық орындау мақсатында, аталмыш Хаттамаға үш рет өзгерістер енгізілді, яғни үш рет ұзартылды. (бірінші хаттама 24-тен 48-ге айға, екінші хаттама 48-ден 72-ге,үшінші хаттама 72-ден 96 айға ұзартылды). Алайда әртүрлі күрделі себептерге байланысты, Қырғыз Республикасы көрсетілген мерзімде міндеттемелерді толық орындауға үлгермеді, - деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.

2023 жылғы 25 мамырда Мәскеу қаласында Мемлекет басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы шеңберінде, төртінші рет «96 айдан» «108 айға» өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Яғни Хаттама міндеттерін 2024 жылғы 12 тамызға дейін ұзарту ұсынылады.

Қазір Қырғыз Республикасындағы он төрт өткізу пунктінің он үші толығымен жаңғыртылды. Қырғызстан және Тәжікстан шекарасындағы бір өткізу бекеті «Қызыл бел» бекеті бойынша жұмыстар әлі жалғасуда. Ол жақын арада аяқталады деп күтілуде, себебі бүгінде оған барлық ресурстар жұмылдырылған,-деді сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов.

Өзгелердің жаңалығы