Сенат қатарына жаңа депутат қосылды

5 Мамыр 2022, 10:07
2039
Бөлісу:
Сенат қатарына жаңа депутат қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Алматы облысынан депутат болып сайланған Жанболат Жөргенбаев ант берді.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, жуырда Алматы облысынан Сенат депутаты болып Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев сайланды. Ол кеше Орталық сайлау комиссиясында тіркелді.

Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан сайланған депутат палата отырысында ант береді. 

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп ант берді жаңа депутат Жанболат Жөргенбаев.

Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитетінің құрамына сайланды.

Жанболат Жөргенбаев 1960 жылы 26 қазанда Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген.

Білімі:

  • В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институты, «инженер-механик» (1987)
  • Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенінің бас қызметкерлерін дайындайтын Бүкілодақтық институт (1987)
  • Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университет, «құқықтану» (1997)

Еңбек өтілі:

  • Талғар ауданы Алматы мал бордақылау кеңшарының инженері, жылутехнигі, ауылшарушылық дақылдарын өсіру бригадирі, аға инженері (1978 - 1992)
  • «Дулат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (1992 – 1993)
  • Киров ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, Киров ауылдық округінің әкімі (1993 – 1998)
  • Алматы облысы Талдықорған аудыны әкімінің орынбасары  (1998 – 1999)
  • Қапшағай қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1999 – 2001)
  • Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласы әкімінің орынбасары (2001 – 2003)
  • Консорциум «Идиль-Ақсу» ЖШС-ң жоба жетекшісі (2003 – 2005)
  • «Ақсу» АҚ вице-президенті (2005 – 2006)
  • «Ақсу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2006 – 2009)
  • «Қарасай Құрылыс» ЖШС-ң Бас директоры (2009 – 2019)
  • «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2019 – 2021)
Өзгелердің жаңалығы